Принциптік текетіреске түскен қос команда бірінші таймда голмен қуанта алмады. Екінші таймның басында Антони матчтағы есепті ашты. Қосымша уақытта Кике Салас соққан гол алаң иелеріне қонақтарды жеңіссіз қалдыруға мүмкіндік берді.
Севилья 19 ұпаймен чемпионаттың турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Реал Бетис еншісінде 27 ұпай бар және төртінші сатыда келеді. Келесі турда Луис Гарсия командасы сырт алаңда Реал Сосьедадпен кездеседі (29.11),ал Мануэль Пеллегрини шәкірттері өз алаңында Райо Вальеканоны қабылдайды (28.11).
Севилья — Реал Бетис 1:1
Голдар: Салас, 90+1 — Антони, 50
Севилья: Влаходимос — Иглесиас, Кастрин, Салас, Суасо — Фофана, Агуме (Ромеро, 68) — Варгас (Фернандес,80), Гуриди (Кочорашвили, 58), Коррея (Эджуке, 59) — Стассен (Юр, 69)
Реал Бетис: Вальес — Бельерин, Бартра, Натан, Гарсия — Форнальс, Рока — Антони (Рикельме, 80), Иско,Эззалзули (Деосса, 71) — Руибаль (Перротт, 62)
Ескертулер: Агуме, Салас, Кастрин, Юр, Иглесиас — Бельерин, Форнальс
