Жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін Надаль өз әсерімен бөлісіп, бұл міндеттің жауапкершілігі туралы айтты.
«Мен үшін бұл — үлкен қуаныш әрі зор мәртебе. «Реалдың» директорлар кеңесінің мүшесі болу — үлкен жауапкершілік. Бұл клубқа деген сүйіспеншілік ата-анадан балаға беріліп, адамдарды біріктіреді. Мен үшін «Реал» — отбасыммен және достарыммен жиналып, матчтарды бірге тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше орта.
«Реал» Мадридтің әлемдік бренд екенін жақсы түсінемін. Сондықтан бұл — шексіз жауапкершілік. Мен осы міндетті қабылдай отырып, үйренуге және клубтың әлемдегі ең үздік команда болып қала беруіне өз үлесімді қосуға ниеттімін.
«Реалдың» алдағы жылдары да табысты клуб болып қалуы үшін еңбек етемін. ¡Hala Madrid!» — деді Надаль.
Айта кетейік, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 22 дүркін чемпионы кәсіби мансабын 2024 жылдың қарашасында аяқтаған. Ал 2011 жылдан бері мадридтік клубтың құрметті мүшесі саналады.
