«Куртуа — әлемнің үздік қақпашысы. Тек Яшин ғана «Алтын доп» жеңген. Адамдар шабуылшыларды жоғары бағалайды. Бірақ Куртуаның қанша жылдан бері үздік қақпашы екеніне менде күмән жоқ. Нойер мансабын аяқтап жатыр. Енді Куртуамен бәсекелесетін ойыншы кемде-кем»,— деді Жозе.
34 жастағы бельгиялық голкипер осы маусымда 16 матчта 17 гол өткізіп, 14 ойында қақпасына доп жібермеді. Жақында Куртуа «бланкоспен» келісімшартын 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.
