Бұл серияға 2012/13 жылғы маусымдағы «Севилья» (4:1), «Вильярреал» (1:0), «Райо Вальекано» (4:1), «Малага» (4:0) жәнк «Реал Сосьедадқа» (4:1) қарсы ойындар да кіріп кетті.
Бұған дейін XXI ғасырда «Реал» ешбір бапкермен мұндай көрсеткішке жете алмаған. Ал жалпы рекорд Мигель Муньосқа тиесілі. Оның командасы 1960-1962 жылдары «Сантьяго Бернабеуде» 22 матч қатарынан қарсыласын тізе бүктірген.
13 турдан кейін 33 ұпай жинаған «бланкос» ішкі чемпионатта екінші орында келеді.
