Q Football

Климовичтің голы «Каспийге» Талдықорғаннан үш ұпай алып қайтуға көмектесті

Климовичтің голы «Каспийге» Талдықорғаннан үш ұпай алып қайтуға көмектесті

Ақтаулық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.

Осы кездесуден кейін «Каспий» 29 ұпай жинады, ал 22 ұпайы бар талдықорғандықтар турнир кестесінің соңғы орнында қалды.

Бірінші таймда гол соғылған жоқ. Кездесудегі жалғыз доп 61-минутта тіркелді: Владислав Климович әуелете берілген пасты баспен дәл аяқтап, қонақтарды алға шығарды.

Қалған уақытта «Жетісу» есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде «Каспий» минималды басымдығын сақтап, алғашқы айналымдағы 0:1 есебіндегі жеңіліс үшін қарымта қайтарды.