Осылайша, тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Бапкер команда тізгінін 2026 жылдың сәуір айында ұстаған болатын. Оның жетекшілігімен «Тобыл» 29 матч өткізіп, 14 жеңіске жетті. Тағы төрт кездесуде тең нәтиже тіркелсе, 11 ойында қарсыластарына есе жіберді.
Алдағы маусымда жаттықтырушылар штабының алдында бәсекеге қабілетті құрам жасақтау, ойын сапасын арттыру және Қазақстан чемпионатында жоғары орындар үшін күресу міндеттері тұр.
