Ол 2013 жылдан бері клуб құрылымында жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырып, биыл Бірінші лигада күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ УЕФА Жасөспірімдер лигасында U-19 командасын басқарды.
Бас бапкердің көмекшілері болып Тимур Касымов пен Владимир Плотников тағайындалды. Касымов академияда және «Қайрат-Жастарда» жұмыс істеген. 2026 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның U-19 құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Ал Плотников бұған дейін «Қайрат» сапында қақпашы болып, 114 матч өткізген. Осы маусымда ол U-18 командасының бапкерлер штабына кірді.
Алексей Анкудинов бапкер-талдаушы қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін академияда және «Қайрат-Жастарда» жұмыс істеген. Қақпашылар жаттықтырушысы Илья Юров пен дене дайындығы бойынша бапкер Артём Савельев негізгі командадағы қызметтерін жалғастырады.
