Q Football

«Қайсар» қақпашысы КПЛ-ден кеткеннен кейін жанкүйерлерге үн қатты

«Қайсар» қақпашысы КПЛ-ден кеткеннен кейін жанкүйерлерге үн қатты
©️FC KAYSAR

Нұрымжан Салайдин сәтсіз аяқталған маусымды қорытындылап, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Өкінішке қарай, бұл маусым біз ойлағандай болған жоқ. Алға қойған мақсаттарымызға жете алмадық. Мұның жанкүйерлер үшін қаншалықты ауыр екенін жақсы түсінемін. Әр матчқа шыққанда команданың намысын қорғап, бар күшімді салуға тырыстым», — деп жазды қақпашы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, «Қайсар» чемпионатты соңғы орында аяқтап, КПЛ-ден шығып қалды. Сонымен қатар қызылордалықтар Қазақстан Кубогының финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде «Ордабасыға» 1:4 есебімен жол берді.