Экс-қақпашының айтуынша, алаң иелері бұл ойынға жақсы қалыпта келіп отыр және үш ұпай алуға толық мүмкіндігі бар. Ол бірінші айналым алдында көкшетаулық клуб өкілдерінің өздерін фаворит санаған мәлімдемесі ақтөбеліктерге қосымша жігер бергенін атап өтті.
Бекбаев соңғы уақытта «Ақтөбенің» ойыны айтарлықтай жақсарғанын да тілге тиек етті. Оның сөзінше, құрамға келген жаңа ойыншылар команданың нәтижесіне оң әсерін тигізіп, сондықтан бұл кездесуде алаң иелерінің басым түсетініне сенімді.
«Ақтөбе» мен «Оқжетпес» арасындағы матч бүгін Ақтөбе қаласында өтеді. Кездесу 20:00-де басталады.
