Q Football

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчқа негізгі құраммен шығады

«Астана» «Ордабасыға» қарсы матчқа негізгі құраммен шығады

«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 26-туры аясындағы «Ордабасыға» қарсы орталық матчта негізгі құрамын жасақтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады

Ойын алдында әлеуметтік желілерде елордалық клубтың Шымкенттегі кездесуге резервтік құраммен шығуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Бұған негізгі құрам ойыншыларына жалақы бойынша берешектің болуы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Алайда қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Астана» басты қарсыластарының біріне қарсы матчқа оңтайлы құраммен шығуға ниетті.

Еске салайық, 2026 жылғы чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда турнир кестесінде 57 ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр. «Ордабасы» 55 ұпаймен екінші орында келеді.

Сонымен қатар «Қайраттың» қалған ойындардағы күнтізбесі тиімдірек. Алматылық команда соңғы алты матчтың төртеуін өз алаңында өткізеді. Ал «Ордабасы» өз стадионында екі рет қана ойнайды.