Кездесудің шешуші сәттерінің бірі қонақтардың ерте уақытта аз құрамда қалуы болды.
9-минутта Әділет Садыбеков Станислав Басмановқа қарсы ереже бұзды. Бастапқыда төреші «Қайрат» жартылай қорғаушысына сары қағаз көрсетті, алайда VAR араласқаннан кейін шешімін өзгертіп, 11-минутта футболшыны алаңнан қуды.
«Астана» сан басымдығын бірден пайдаланды. 14-минутта Рамазан Каримов есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.
Бұл кездесу екі команда үшін де турнирлік тұрғыдан аса маңызды болды. 27-тур алдында «Қайрат» екінші орында тұрып, чемпиондық үшін күресін жалғастырса, «Астана» үшінші сатыда орналасқан еді.
Сонымен қатар бұл жеңіс елордалықтарға алғашқы айналымдағы ірі жеңіліс үшін қарымта қайтаруға мүмкіндік берді. Сәуір айында өткен алғашқы кездесуде алматылықтар қарсыласын 4:0 есебімен жеңген болатын.
