Ол клубтың тек футбол командасы ғана емес, сонымен қатар тарихы мен дәстүрі бар, бүкіл Шымкенттің мақтанышы екенін атап өтті. Сондай-ақ қала әкімі Ғабит Сыздықбековке клубқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Сейсембек клуб иесі Шахмурат Муталипті, директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбаевты, клуб президенті Жасұлан Барманқұловты және барлық қызметкерді де құттықтады.
Бұрынғы басшы бас бапкер Андрей Мартинге ерекше алғыс айтты. Оның сөзінше, олар екі жыл бұрын клубта ауқымды реформалар басталған кезеңде бірлескен жұмысты қолға алған.
«Қиын болды, қарсылық та көп кездесті. Бірақ біз және ең бастысы, бас бапкер таңдаған жолымыздан таймадық! Сіздер бұл жетістікке лайықсыздар!» — деп жазды Сейсембек.
Сөз соңында ол клубқа ауызбіршілік, жаңа жеңістер мен жарқын сәттер тілеп, жанкүйерлердің өз командасын мақтан тұтуына тілектестігін білдірді.
