Q Football

«Ертіс» тәлімгері «Оқжетпесті» жеңгеннен кейінгі құпиямен бөлісті

«Ертіс» тәлімгері «Оқжетпесті» жеңгеннен кейінгі құпиямен бөлісті
PFL KAZ

Ерлан Шойтымовтың айтуынша, қарсылас сапалы құрам жинақтап, үлкен мақсаттармен келген

— Ауыр ойын болды. Қарсыластың еврокубок аймағына өту үшін таласып жатқанын білдік. «Оқжетпестің» өте жақсы, жүйеленген командасы, мықты бапкері мен сапалы бапкерлік штабы бар. Ал бізге бұл жеңіс судай қажет еді. Жігіттер ерекше баппен келіп, апта бойы дайындалды. Оларға үлкен рақмет — мінез көрсетті. Иә, кейбір сәттерде ақаулар, кемшіліктер болды, бірақ қазір біз үшін ең бастысы — жеңіс. Ең бастысы — үш ұпай, — деді Шойтымов.

Бапкерден команда алаңға шығып, нәтиже үшін «айқасуы» үшін киім ауыстыратын бөлмеде футболшыларға нақты не айтқаны бөлек сұралды.

— Бұл құпия (күледі). Біз оларға тек киім ауыстыратын бөлмеде емес — күн сайын жігер береміз. Өйткені, қазіргі жағдайымызды ескерсек, бұл тығырықтан шығуымыз керек. Тіпті кестенің төменгі бөлігіндегі қарсыластарымыз да ұпай жинап жатыр. Сосын не де болса өз ұпайымызды алуымыз қажет, — деп қосты ол.

Жеңістен кейін «Ертіс» 23 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде 13-орынға көтерілді. «Оқжетпес» 42 ұпаймен төртінші орында келеді.