Q Football

«Қайсар» мен «Жеңіс» Қазақстан кубогының жартылай финалына бастапқы құрамдарын жариялады

«Қайсар» мен «Жеңіс» Қазақстан кубогының жартылай финалына бастапқы құрамдарын жариялады
©️nur.kz

Андрей Ферапонтов пен Әли Әлиев кубок жолындағы шешуші текетіресте негізгі күштерді алаңға шығарады

«Қайсар» мен «Жеңіс» 2026 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалдық матчына шығатын бастапқы құрамдарын анықтады.

Андрей Ферапонтовтың баптауындағы қызылордалықтар сапында матчты алғашқы минуттардан Ковач, Мозес, Совет, Жақсылық, Ыдырысов, Цуцкич, Букорац, Микейас, Маседо, Эзекиель және Мұхамед бастайды.

Әли Әлиев «Жеңістің» негізгі құрамында мына ойыншыларға сенім артты: Плотников, Қуат, Кпозо, Тевзадзе, Хасейн, Наумец, Филипович, Сәулет, Адилио, Шараванья және Мартинс.

Жартылай финалдық бәсеке бүгін, 29 шілдеде өтіп, сағат 20:00-де басталады.