18-тур қорытындысы бойынша «Ақтөбе» мен «Каспий» командалық тәртіп бұзушылық үшін айыппұл арқаласа, «Қайсар» жанкүйерлерінің орынсыз әрекеті үшін жазаланды. Сондай-ақ «Оқжетпес» пен «Жетісу» екінші таймды кеш бастағаны үшін айыппұл алды. Бұдан бөлек, «Оқжетпеске» стадионда өрт сөндіру көлігінің болмауына байланысты ескерту жасалды.
«Жетісу» ойыншысы Марко Зиванович өрескел ойыны үшін екі матчқа дисквалификацияланды. Ал «Алтайдың» футболшысы Әлікбар Әбілқайыр Қазақстан Кубогының жартылай финалында матчтың ресми тұлғаларын балағаттағаны үшін төрт ойынға шеттетілді.
