31 жастағы футболшының клубпен келісімі 2026 жылдың соңында аяқталады.
Африко командаға биыл қаңтарда қосылған. Осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 29 матчтың 18-іне қатысып, бір гол соқты. Еурокубоктардың іріктеу кезеңінде жеті ойын өткізіп, тағы бір голдың авторы атанды.
Бразилиялық қорғаушы соңғы рет 17 қыркүйекте «Астанаға» қарсы кездесуде алаңға шықты. Бұл матчта «Қайрат» 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Содан бері Африко Қазақстан чемпионаты мен Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындарға өтінімге енгізілмеді.
Қазақстанға ауысқанға дейін ол Түркияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Ванспор» сапында ойнады. Сондай-ақ қорғаушы Әзербайжанның «Габала», Португалияның «Фаренсе», «Эшторил» және «Маритиму» клубтарында, Бразилияның «Лондрина» командасында доп тепкен.
