Q Football

Фабиан Руис: отаныма келіп дубль жасағаныма қуаныштымын

Фабиан Руис: отаныма келіп дубль жасағаныма қуаныштымын

ПСЖ жартылай қорғаушысы Q Football-ға берген эксклюзивті сұхбатында «Вильярреалға» (6:0) қарсы матчтан кейінгі әсерімен бөлісті

«Испанияға қайта оралғаныма қуаныштымын. Өз елімде, отандастарымның алдында ойнау әрқашан ерекше. «Вильярреал» секілді азулы командаға екі гол соққаннан кейін төбем көкке жетіп тұр. Бірақ ең бастысы – команданың жеңісі. Осы жеңіске атсалысқаным үшін қатты қуаныштымын. Парижге үш ұпаймен қайтамыз»,– деді 30 жастағы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы.

ПСЖ төрт ойынның бәрінде жеңіске жетіп, турнир кестесінде 12 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі турда қазіргі чемпион 25 қараша күні «Романы» қабылдайды.