Q Football

Қош бол, «Тобыл»! Ислам Чесноков РПЛ клубымен келісімге келді

Қош бол, «Тобыл»! Ислам Чесноков РПЛ клубымен келісімге келді
©️kazfootball.kz

Қазақстандық вингер келісімшарттағы арнайы тармақты пайдаланып, қыста самаралық «Крылья Советов» сапына ауысады

Қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков «Крылья Советов» клубына ауысу бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Heartsinsider.

Таяуда 26 жастағы ойыншы шотландиялық «Хартспен» қоштасып, ҚПЛ-ға оралған болатын. Дегенмен, оның қостанайлықтармен жасасқан келісімшартында Ресейден ұсыныс түскен жағдайда клубтан кедергісіз кетуге мүмкіндік беретін арнайы пункт қарастырылған. Жартылай қорғаушы самаралықтар сапын қаңтар айында ресми түрде толықтырады деп күтілуде.

Чесноков бейсенбі, 30 шілде күні-ақ Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында литвалық «Паневежиске» қарсы «Тобыл» жейдесінде алаңға шығады.