Q Football

ҚПЛ-дың 23-туры кейінге шегерілуі мүмкін

ҚПЛ-дың 23-туры кейінге шегерілуі мүмкін
©️ sports.ru

«Ордабасы», «Қайрат» және «Ақтөбе» қатысатын матчтар күздің соңына қарай ысырылуы ықтимал

Қазақстан Премьер-Лигасының 23 тамызға жоспарланған 23-тур матчтары кейінге қалдырылуы әбден мүмкін. AmanVIBE хабарлауынша, күнтізбенің өзгеруіне алдағы Құрылтай сайлауы себеп болуы ықтимал.

Бұл ойын күнінің кездесулері қараша айының басында өтеді деп күтілуде. Лига кейінге шегеру туралы ресми шешімді жуық арада қабылдауы тиіс.

Қазіргі уақытта ҚПЛ чемпиондық жарысында 43 ұпай жинаған шымкенттік «Ордабасы» көш бастап тұр. Көшбасшыдан бар-жоғы бір ұпайға қалып келе жатқан алматылық «Қайрат» болса, үздік үштікті «Ақтөбе» түйіндейді.