Отандасымыз ойынның 65-минутында Джейми Гиттенстің орнына алаңға қосылды. Алаңда өткізген 25 минут ішінде Дастан қарсылас қақпасына бір рет соққы жасағанымен, доп бағытынан қиыс кетті.
Сонымен қатар жас шабуылшы 7 пас беріп, оның 6-ын серіктестеріне дәл жеткізді (86% дәлдік). Кездесу қорытындысы бойынша аналитикалық порталдар Дастан Сәтпаевтың ойынын 6,5 балға бағалады.
