Стадионға келушілер саны бойынша ең танымал клуб «Ордабасы» атанды. Шымкенттік команданың үй матчтарына 350 мыңнан астам жанкүйер келген. Үздік бестікке сондай-ақ «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе» және «Қайсар» клубтары енді.
2026 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын стадиондарда барлығы 1,38 миллион жанкүйер тамашалады. Сонымен қатар футбол трансляцияларының интернеттегі танымалдығы да арта түсті.
KFF League YouTube арнасы 18,7 миллион қаралым жинап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі еселік өсім көрсетті. Ал QAZSPORT арнасындағы трансляциялар 1,5 миллионнан астам қаралым жинады.
Осылайша, 2026 жылғы маусым қазақстандық футболға деген қызығушылықтың стадиондарда да, цифрлық платформаларда да артқанын көрсетті.
