AmanVIBE Telegram-арнасымәліметінше, клубпен сегіз легионердің қолданыстағы келісімшарты бар, ал басшылық жаңа келісім ұсынуды жоспарлап отырмаған жалғыз ойыншы — бразилиялық орталық қорғаушы Луис Африко, оның келісімшарт мерзімі 2026 жылдың соңында аяқталады.
Бұған дейін алматылықтар үш футболшымен келісімді ұзартып қойған болатын, соның арқасында команда құрамы қазіргі келбетін дерлік сақтап қалады. Мартынович, Юккола, Оксанен, Гуаль және Жоржиньоның келісімшарттары 2027 жылдың соңына дейін, шабуылшы Эдмилсондыкі — 2027 жылдың ортасына дейін, Матаныкі — 2028 жылдың соңына дейін, ал Мендонсанікі 2029 жылға дейін есептелген.
Еске салайық, ҚПЛ-2026 қорытындысы бойынша «Қайрат» чемпиондық атақты шымкенттік «Ордабасыға» беріп, күміс медаль иеленді. Алматылықтар алдағы матчын 26 қараша күні өз алаңында УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында швециялық «Мьёльбю» клубына қарсы өткізеді.
Алматылық «Қайрат» маусымаралық кезеңде тек бір легионермен ғана қоштасады

Бразилиялық қорғаушы Луис Африконың келісімшарты жыл соңында аяқталады, ал қалған сегіз шетелдік ойыншы Қазақстан вице-чемпиондарының сапында қалады