Q Football

«Ақтөбе» нигериялық легионердің кеткенін хабарлады

«Ақтөбе» нигериялық легионердің кеткенін хабарлады
© ФК «Ақтөбе»

Өткен маусымды Марио Рабиу «Атырау» сапында жалда өткізді

«Ақтөбе» 26 жастағы нигериялық тірек жартылай қорғаушымен ынтымақтастықтың аяқталғанын мәлімдеді.

Футболшы «ақ-қызылдар» қатарына 2025 жылы қосылғанымен, ақтөбелік клуб сапында бар болғаны бес матч қана өткізді. Өткен маусымда хавбек «Атырауда» жалға алу құқығымен өнер көрсетті.

Жалпы Қазақстан Премьер-лигасы аясында нигериялық ойыншы 30 матчқа қатысып, екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.