Match.kz ақпаратына сәйкес, Жуковскийдің жетекшілігімен команда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін күресіп, маусымды 10-орынмен аяқтады.
Сондай-ақ бапкер футболшыларды легионерлер мен қазақстандық ойыншыларға бөліп қарайтыны, жергілікті футболшыларға деген көзқарасы жақсы емес екені хабарланды. Маманға жанкүйерлермен қатар, кейбір ойыншылар да наразы. Бұған қоса, клуб басшылығымен де келіспеушіліктер болған.
Бапкерлер штабының болашағына қатысты түпкілікті шешім жақын арада қабылданады.
