«Тотальный футбол» хабарлауынша, «Тұран» 29 жастағы қазақстандық ойыншыға көз тігіп отыр.
Бұған дейін ҚПЛ-ге оралған командаға Мұхаммеджан Сейсеннің ауысатыны хабарланған еді.
Васильев биылғы маусымда жалпы 31 матчта бес гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ұлттық құрамаға шақырту алды. Оның Көкшетаудың клубымен келісімшарты 31 желтоқсанға дейін жарамды.
