Q Football

«Ұлытау» бас бапкерсіз қалды

«Ұлытау» бас бапкерсіз қалды

Нұркен Мазбаев клубтан кетті. Бұл туралы Жезқазғанның клубы Instagram-парқшасында ресми түрде хабарлады.

Қос тарап келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысты тоқтатты.

54 жастағы отандық маман «Ұлытауды» 2025 жылдың жазынан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 12 рет жеңіске жетіп, 13 мәрте тең түссе, 19 ойында қарсыласына жол берді.

30 турдан кейін 35 ұпай жинаған клуб Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында тоғызыншы орынға тұрақтады.