Q Football

Андрия Филипович ҚПЛ 2026 жылғы маусымындағы үздік ойыншыларды атады

Андрия Филипович ҚПЛ 2026 жылғы маусымындағы үздік ойыншыларды атады
«Жеңіс» ФК

«Жеңістің» хорватиялық шабуылшысы кімнің ойыны өзіне ұнағанын айтты

«Биылғы маусымда маған ұнаған екі ойыншы бар. Біреуі «Ордабасыдағы» Бьорн Йонсен. Ғаламат шабуылшы. Сосын «Астанадағы» Иван Башичті атап өткім келеді. Керемет жартылай қорғаушы, ойыны көңілімнен шықты. Босния және Герцеговина құрамасындағы ойыны да ұнады», — Филипович Sports.kz-ке.

Жақында Филипович «Жеңіспен» келісімшартын 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартқан еді.

Йонсен осы маусымда 17 матчта 14 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал Башич 22 ойында төрт гол мен екі ассисттің авторы атанды.