Q Football

«Ақтөбе» легионер футболшымен қоштасты

«Ақтөбе» легионер футболшымен қоштасты

«Ақтөбе» нигериялық 26 жастағы жартылай қорғаушы Марио Рабиумен келісімшартты аяқтағанын ресми түрде хабарлады.

Тірек жартылай қорғаушы ақ-қызылдар қатарына 2025 жылы қосылып, команда сапында бес матч өткізді. Ал өткен маусымды ол жалға алу шартымен «Атырау» клубында ойнады.

Рабиу Қазақстан Премьер-лигасында жалпы 30 кездесуге қатысып, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Өткен ҚПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 49 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орын алды. Ал 30 ұпай еншілеген «Атырау» чемпионатты 13-сатыда аяқтады. Бұған дейін ақтөбелік клуб бас бапкер Игорь Черевченкомен келісімшартты ұзартқанын да ресми түрде растаған болатын.