Q Football

Талғат Байсуфинов «Тұран» бас бапкері атануы мүмкін

Талғат Байсуфинов «Тұран» бас бапкері атануы мүмкін

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Түркістанның клубын тізгіндеуге жақын

«Тотальный футбол» хабарлауынша, қос тарап өте сәтті келіссөз жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ «Тұран» тағы да Ұлттық құрама ойыншысымен толығуы мүмкін. Қазір клуб Қазақстан құрамасында ойнайтын бірнеше футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр екен. Бұған дейін команда қатарына Мұхаммеджан Сейсен қосылатыны хабарланған еді.

«Тұран» өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орын алып, жоғары дивизионға оралған еді.