Әмбебап ойыншы қорғаныстың оң қапталында да, тірек аймағында да өнер көрсете алады. Тапалов әзірге болашағына қатысты нақты шешім қабылдамаған және түскен ұсыныстарды қарастырып жатыр.
Қорғаушының «Қайрат» сапындағы соңғы матчы 26 қарашада швециялық «Мьельбюге» қарсы өтетін еурокубоктік кездесу болуы мүмкін.
Өткен ҚПЛ маусымында Тапалов 22 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берген. Ал қазіргі еурокубоктік науқанда алматылық клуб сапында тоғыз ойынға қатысты. Қазақстан құрамасы үшін 25 матч өткізіп, бір нәтижелі пас авторы атанған.
