HLN басылымының шолушысы Томас Таке жаңа қызмет маман үшін үлкен сынақ болатынын және оның бұл жұмысқа бар күшін салатынын атап өтті.
Таке Еуропадан тыс жерде жұмыс істеу қаржылық тұрғыдан да, жаңа тәжірибе жинау жағынан да тиімді мүмкіндік екенін айтты. Сарапшы Герартстың басты мақсаттарының бірі ретінде команданы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығаруды атады.
«Бапкер ретінде ол тактикалық тұрғыдан өте мықты және өз ойын футболшыларға жеткізе біледі. Герартс шабуылға бағытталған, сапалы футбол ойнағанды ұнатады әрі жұмысына бар күшін салады. Оның Еуропадан кетуі жұмысына салғырт қарайды дегенді білдірмейді. Ол алға қойған мақсаттарына жету үшін күн сайын жүз пайыз күш жұмсайды», — деді бельгиялық сарапшы.
Еске салайық, Герартс «Ордабасы» тізгінін молдовалық маман Андрей Мартиннен қабылдап алды. Бұған дейін бельгиялық бапкер «Юнион Сент-Жиллуаз», германиялық «Шальке 04» және 2026 жылдың мамырында кеткен франциялық «Реймс» клубтарын жаттықтырған.
2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша шымкенттік ұжым Қазақстан Премьер-Лигасы мен ел Кубогын жеңіп алып, алтын дубль жасады. Келесі маусымда команда еурокубоктік жорығын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.
