Q Football

Кипрас Казуколовас «Астанадағы» болашағы туралы айтты

Кипрас Казуколовас «Астанадағы» болашағы туралы айтты
kazukolovas

«Астана» клубының литвалық қорғаушысы келесі маусымда елордалық команда сапында қалу-қалмауына қатысты пікір білдірді.

«Меніңше, иә. Келісімшартым 2027 жылдың соңына дейін жарамды», — деді футболшы Sports.kz басылымына.

Казуколовас «Астана» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен ҚПЛ маусымында қорғаушы 18 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Transfermarkt мәліметінше, 25 жастағы футболшының нарықтық құны 700 мың еуроға бағаланады. 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Астана» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанып, келесі маусымда Конференция лигасында өнер көрсетеді.