Алайда «Жеңіс» дерлік бірден жауап берді: 8-минутта есепті Андрий Филипович теңестірді.
Бірінші таймның шешуші сәті үзіліске жақын болды – «Қайсар» пенальтиге ие болды. Нүктеге Мозес келіп, 11 метрлік соққыны сенімді орындап, жаңа командасы сапындағы дебюттік голын соқты.
Үзілістен кейін «Қайсар» басымдығын нығайтты: 46-минутта Жақсылық кештегі екінші голын соғып, дубль рәсімдеді – 3:1.
Қарымта кездесу 19 тамызда өтеді. Жұптың жеңімпазы финалда «Ордабасы» – «Алтай» текетіресіндегі мықтысымен ойнайды: алғашқы матчта шымкенттік клуб 3:1 есебімен жеңді, ал қарымта ойын да 19 тамызда өтеді.
