«Атыраудың» бас бапкері Самат Смақов Премьер-лиганың соңғы турында «Ұлытауды» ойсырата жеңгеннен кейін (3:0) маусымды қорытындылады. Маман егер клуб барлық маусымды өз жанкүйерлерінің алдында, туған стадионында өткізу мүмкіндігіне ие болғанда, команда турнирлік кестеде әлдеқайда жоғары сатыға табан тірейтініне сенім білдірді.
Тәлімгер «Ертіспен» болған матчтағы сүрінуден кейін футболшылардың тиісті қорытынды шығарғанына және тағдыры бірінші таймда-ақ шешілген кездесуде тактикалық тапсырманы мінсіз орындағанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Смақов сырт алаңдардағы ойындарда қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтып, маусымаралық үзілісте сауатты әрі нүктелі селекция жүргізілсе, бұл ұжымның ең биік белестерді бағындыруға қауқарлы екенін атап өтті.
