Шымкенттік клубтың бас бапкері Андрей Мартин Премьер-лиганың 30-турында павлодарлық «Ертістен» сырт алаңдағы жеңіліске (0:2) қатысты пікір білдіріп, кездесу нәтижесіне қосалқы құрам ойыншыларының шығуы тікелей әсер еткенін баса айтты. Маман бапкерлер штабы маусым бойы алаңға сирек шыққан футболшыларға саналы түрде ойын тәжірибесін ұсынғанын жеткізіп, алаң иелеріне чемпиондық дәліз ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді және олардың жеңісі әділ әрі заңды болғанын мойындады.
«Ертіске» жеңісті 11 және 81-минуттарда қос доп соғып, павлодарлықтардың элитадағы орнын сақтап қалған Руслан Юденков сыйлады. Чемпиондық атақты мерзімінен бұрын иеленген «Ордабасы» маусымды 68 ұпаймен турнир кестесінің шыңында түйіндеп, алматылық «Қайраттан» үш балл озып кетті. Енді жаңа чемпиондар «алтын дубльді» көздеп отыр — 7 қарашада шымкенттік ұжым Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсармен» кездеседі.
