Заруцкий Ақтөбенің командасына жыл басында еркін агент ретінде қосылған еді. Ол содан бері 31 матчта 40 гол өткізіп, жеті ойында қақпасына доп жібермеді.
Александр оған дейін «Қайрат», «Астана», «Қайсар», «Ертіс», «Атырау», «Қызылжар» және «Шахтердің» намысын қорғаған.
Айта кетейік, 30 турдан кейін 49 ұпай жинаған «Ақтөбе» биыл Қазақстан Премьер-лигасында бесінші орынға тұрақтады.
