Q Football

«Алтай» «Елімаймен» тең түсіп, қызыл аймақтан шықты

«Алтай» «Елімаймен» тең түсіп, қызыл аймақтан шықты

Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында аясында өткен кездесуде «Алтай» мен «Елімай» тең тарқасты

Жоғары дивизионда қалу үшін жанталасып жатқан «Алтай» тағы да өте маңызды ұпайды иеленді. Өскеменнің клубы өз алаңында ортаңғол «Елімайға» лайықты қарсылық көрсетті. Қос команда да ашық ойын өткізіп, жалпы саны 45 соққы бағыттады. Нәтижесінде тартысты өткен ойын 2:2 есебімен аяқталып, командалар ұпай бөлісті.

«Алтай» 27-ұпайын еншілеп, қызыл аймақтан шықты және 13-орынға жайғасты. Ал 45 ұпайы бар «Елімай» турнир кестесінде алтыншы орында қалды. Вахид Масудовтың шәкірттері 31 қазан өтетін соңғы турда «Қайратқа» қонаққа барса, Андрей Карповичтің жігіттері «Елімайды» қабылдайды.

«Алтай» — «Елімай» — 2:2

Голдар: Стоисавлевич (39), Беланчич (45), Додев (47), Оразов (57, пен.)

Қызыл қағаз: Илич (90+7).