Q Football

ҚФФ ҚПЛ клубтарына қатысты тәртіптік шешімдер шығарды

ҚФФ ҚПЛ клубтарына қатысты тәртіптік шешімдер шығарды

2026 жылдың 23 қазанында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің кезекті отырысы өтті

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-лиганың бірнеше клубына ескерту жасалып, тәртіптік жаза қолданылды.

«Оқжетпес» — «Қызылжар»

Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы кездесуде командалардың киім ауыстыратын бөлмеден кеш шығуына байланысты матчтың басталуы екі минутқа кешікті. Осы жағдайға байланысты Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Оқжетпес» пен «Қызылжар» клубтарына ескерту берілді.

«Алтай» — «Атырау»

Матч барысында трансляция және VAR бөлмелерінде электр қуаты бірнеше рет өшіп, роутер жұмысы да тоқтаған. Ойынды тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны және чемпионат регламентінің талаптарын сақтамағаны үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабының 1-тармағына сәйкес «Алтай» клубына жаза қолданылды.

Сонымен қатар «Атырау» футболшыларының киім ауыстыратын бөлмеден кеш шығуына байланысты кездесу бір жарым минутқа кеш басталды. Осы заңбұзушылық үшін клубқа Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес ескерту жасалды.