Q Football

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Қайраттың» чемпиондық мүмкіндігін бағалады

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Қайраттың» чемпиондық мүмкіндігін бағалады
©️Fc Kairat

Алмат Бекбаев «Ордабасыдан» бір ұпайға қалып тұрған алматылық клубтың чемпиондыққа мүмкіндігі жоғары екенін айтты.

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев КПЛ-дің 26-туры аяқталғаннан кейін «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы чемпиондық бәсекеге пікір білдірді.

«Қайрат» «Тобылдан» жеңілгенімен, бірінші орын үшін күресті жалғастырып жатыр. Бекбаевтың пікірінше, шымкенттік команда да ұпай жоғалтуы мүмкін. Оның үстіне маусым соңындағы күнтізбесі оңай емес.

«Бір ұпай — өте аз айырмашылық. «Ордабасы» бір жерде сүрінсе, «Қайрат» қайтадан көшбасшы атанады», — деді Бекбаев Sports.kz-ке.

26 турдан кейін «Ордабасы» 58 ұпаймен бірінші орында тұр. «Қайрат» одан бір ұпайға қалып келеді. 27-тур ойындары 17 және 18 қыркүйекте өтеді.