Q Football

«Астана» өз алаңында чемпионаттың соңғы командасын жеңе алмады

«Астана» өз алаңында чемпионаттың соңғы командасын жеңе алмады

Қазақстан Премьер-лигасының 29-шы турының соңғы кездесуінде «Астана» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады

«Астана Аренада» өткен матчта есеп ашылмай, қос ұжым 0:0 нәтижесімен тарқасты. Кездесудің бас төрешісі Орал қаласынан келген Денис Тевяшов болды.

Елордалық клуб ойын бойы басымдыққа ие болып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда алаң иелері мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Ал «Қайсар» қарсыласының шабуылдарына төтеп беріп, Астанадан бір ұпаймен қайтты.

Осы нәтижеден кейін «Астананың» еншісінде 53 ұпай бар. Елордалық команда турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал 25 ұпай жинаған «Қайсар» соңғы сатыда қалып отыр.

«Астана» — «Қайсар» — 0:0.