— Бұл жеңілісті толығымен өз мойныма аламын: ішкі түйсігім құрамда біршама ауыс-түйіс жасау керектігін сездірген еді, бірақ, шамасы, «жеңіске жеткен құрамды өзгертпейді» деген стереотипке алданып қалдым. Сондықтан, әрине, ұтылғанымызға өзім кінәлімін, — деді ол.
Бапкер қазіргі сәтте «шетке ығысып кетпей», бұл соққыға дұрыс жауап қайтару және күресті жалғастыру маңызды екенін қоса айтты. Оразбахтин бұл сәтсіздік командаға пайдасын тигізуі мүмкін екеніне сенімді және «Қайраттың» соңына дейін айқасатынына сөз берді.
— Бұл жеңіліс бізді қайта шыңдай түсетініне сенімдімін. Анық айта аламын: біз күресті жалғастырамыз, соңына дейін айқасамыз. Жігіттермен бұл туралы сөйлесіп те қойдық. Жеңіліс ауыр тиді, бірақ мойындау керек: бүгін қарсыласқа тым көп мүмкіндік беріп қойдық. Қорытынды осы, — деп атап өтті бапкер.
25 матчтан кейін «Қайраттың» қоржынында 57 ұпай бар, алматылықтар КПЛ турнир кестесінде екінші орында келеді. «Тобыл» 34 ұпай жинап, жетінші сатыға жайғасқан.
