Қонақтар 33-минутта Наурис Петкявичюстың дәл соққысының арқасында алға шықты.
Қостанайлықтар таймның ең соңында есепті теңестіре алды: 45+3-минутта Амин Талал таблодағы тепе-теңдікті қалпына келтірді.
«Тобылдың» бастапқы құрамы: Устименко, Жагоров, Сенаджи, Ндиай, Боршич, Тағыберген, Мякиш, Чесноков, Талал, Зуев, Милованович.
Еске салайық, командалардың Литвадағы алғашқы кездесуі де 1:1 есебімен тең аяқталған (45-минутта Сейдина Кейта соққан голға «Тобыл» 84-минутта Неманья Цавничтың дәл соққысымен жауап берген).
