Q Football

Сергей Малый ҚПЛ-дегі 300 матчтық межені бағындырды

Сергей Малый ҚПЛ-дегі 300 матчтық межені бағындырды
(с) KazFootball

Алайда ол әзірге чемпионат рекордшыларының үздік ондығына кірген жоқ.

«Ордабасы» қорғаушысы Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Ақтөбеге» қарсы өткен матчта (3:1) ҚПЛ-дегі 300-ойынын өткізді. Бұл туралы KazFootball.kz тілшісі хабарлады.

Сергей Малый — украин футболының түлегі. Ол кәсіби мансабын Луганскінің «Коммунальник» клубында бастап, кейін Била Церква қаласының «Рось» және «Арсенал» командаларында, сондай-ақ Луганскінің «Заря» клубында өнер көрсетті.

Қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасына 2013 жылы келді. Сол кезде Қарағандының «Шахтёр» клубымен келісімшартқа отырып, команда сапында 44 матч өткізді. Кейін «Ертіс» құрамында 14 ойынға қатысып, екі гол соқты. «Астана» сапында 30 матч өткізіп, екі рет көзге түсті. Ал «Тобыл» құрамында 73 кездесуге қатысып, 11 гол соқты.

Қазір Малый «Ордабасының» намысын қорғап жүр. Оның клуб сапындағы еншісінде 139 матч пен 19 гол бар. Осылайша, Сергей Қазақстан чемпионатында жалпы 300 ойын өткізіп, 34 гол соққан.

Қазақстан чемпионатында ең көп матч өткізген футболшылардың үздік ондығы:

  1. Нұрбол Жұмасқалиев — 523 матч;

  2. Серік Жейлітбаев — 457 матч;

  3. Самат Смақов — 452 матч;

  4. Игорь Юрин — 426 матч;
    5–6. Руслан Ғұмар, Мақсат Байжанов — 424 матчтан;

  5. Данияр Мұқанов — 418 матч;

  6. Максим Самченко — 417 матч;

  7. Азат Нұрғалиев — 416 матч;

  8. Сергей Скорых — 413 матч.