Soccer365.ru порталының сарапшылары алаң иелерін толықтай қанағаттандыратын 1:1 есебіндегі тең ойынды болжап отыр. Шетелдік шолушылардың ойынша, қонақтардың қосалқы құрамы мен «Ордабасыда» турнирлік мотивацияның болмауы жақында ғана «Атырауды» сырт алаңда жеңген «Ертістің» пайдасына шешіледі.
Шымкенттік клуб чемпиондық титулды жеңіп алып, Қазақстан кубогының финалына дайындалып жатыр. Осыған байланысты бас бапкер Мартин жетекші ойыншыларға демалыс беріп, құрамда ротация жасауы әбден мүмкін. Ал павлодарлықтарға ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалу үшін қорытынды 30-турда ең болмағанда бір ұпай еншілеу жеткілікті.
Шешуші матч алдында Палодарда күтпеген сценарий болжануда

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, чемпиондықты қамтамасыз еткен «Ордабасы» бұл кездесуге қосалқы құрамды шығарып, «Ертіске» маңызды ұпайларды сыйлауы мүмкін.