Q Football

«Тобыл» Жұмашевті сақтап қалды

«Тобыл» Жұмашевті сақтап қалды
ФК «Тобыл»

25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы өз болашағын Қостанай клубымен тағы бірнеше маусымға байланыстырды.

Қостанайлық «Тобыл» жартылай қорғаушы Жаслан Жұмашевпен келісімді ұзартқанын ресми түрде жариялады. 25 жастағы хавбектің жаңа еңбек шарты 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

Жұмашев 2020 жылдан бері Премьер-лигада «Тобылдың» негізгі командасының намысын қорғап келеді. Ағымдағы маусымда жартылай қорғаушы қостанайлықтардың көшбасшыларының бірі ретінде көзге түсіп, барлық турнирде 24 матч өткізіп, 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. KFF League-тің аналитикалық деректері де ойыншының елеулі үлесін атап көрсетеді: күтілетін голдар (xG) көрсеткіші 5,9 болғанда, оның еншісінде қақпаға дәл бағытталған 11 соққы, 280 дәл пас, 55 тосып алу және допты 12 сәтті тартып алу бар.