Елордалық ұжымның дайындық жоспарына екі бақылау кездесуі енді, онда жаттықтырушылар штабының шәкірттері қарағандылық «Шахтермен» және елордалық «Жеңіспен» кездеседі. Ойындардың нақты кестесі мен өтетін орындарын ұйымдастырушылар кейінірек жариялайды.
Атап айтқанда, «кеншілермен» өтетін спаррингтің алаңы ауқымды концерт жоспарланған «Астана Арена» стадионының жағдайына тікелей байланысты.
