Q Football

Премьер-лиганың алдағы матчтарына он екі футболшы қатыспайды

Премьер-лиганың алдағы матчтарына он екі футболшы қатыспайды

Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күндері жоғарғы дивизионның бірнеше клубы үшін бірден ауқымды кадрлық шығындармен есте қалмақ.

17 және 18 қыркүйекке жоспарланған алдағы турды тәртіптік жазаларға байланысты он екі ойыншы өткізіп алуға мәжбүр. Тыйым салынғандар тізіміне Әлібек Қасым («Астана»), Алекса Аманович («Ордабасы»), талдықорғандық «Жетісудың» қос ойыншысы Диего Луна Флорес пен Рауан Орынбасар, Амандық Нәбиханов («Каспий»), Сергей Иванов («Алтай») және Неделько Пищевич («Қызылжар») енді. Сондай-ақ олардың қатарын қызылордалықтар Әлияр Мұхамед пен Никола Цуцкич, ақтөбеліктер Яни Атанасов пен Еркебұлан Сейдахмет, сонымен бірге «Ұлытау» намысын қорғайтын Артур Бугнон толықтырды.

Тур қарсаңындағы чемпиондық тартыста 58 ұпаймен оңтүстікқазақстандық ұжым көш бастап тұр, одан небәрі бір ұпайға қалып келе жатқан «Қайрат» екінші сатыда, ал елордалық клуб үздік үштікті түйіндеп келеді.