Бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де елорданың басты стадионында бітпес қарсыластар — «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі. Премьер-лиганың 27-турындағы орталық кездесу турнир кестесінің жоғарғы бөлігіндегі орындарды бөлуде шешуші мәнге ие және чемпиондық жарысқа тікелей әсер етеді.
«Астананың» бастапқы құрамына Сейсен, Бартолец, Кажуколовас, Қасым, Башич, Қараман, Вороговский, Басманов, Исламхан, Томасов және Каримов кірді.
Алматылық «Қайрат» алғашқы минуттардан алаңға Қалмырза, Мата, Мартынович, Тапалов, Мрынский, Садыбеков, Оксанен, Юккола, Африко, Гуаль және Эдмилсонды шығарады.
