Q Football

Иван Свиридов «Елімайдан» кетуі мүмкін

Иван Свиридов «Елімайдан» кетуі мүмкін

Семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Иван Свиридов 2026 жылғы маусым аяқталған соң команда ауыстыруы ықтимал

Маусымаралық кезеңде семейліктердің құрамы едәуір өзгеруі мүмкін. Бұған дейін клуб бас бапкер Андрей Карповичпен қоштасатынын және атқарушы директор Федор Симинидидің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған болатын.

ҚПЛ-2026 маусымында 24 жастағы шабуылшы 25 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ оның Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген бес ойыны бар. Свиридов соңғы рет ұлттық құрама жейдесін биыл наурыз айында Намибияға қарсы кездесуде киді. Ол матчта Қазақстан 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.