Q Football

«Ордабасы» ҚПЛ-2026 маусымындағы ең нәтижелі ойыншысынан айырылды

«Ордабасы» ҚПЛ-2026 маусымындағы ең нәтижелі ойыншысынан айырылды
Ordabasy

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды

26 жастағы жартылай қорғаушы жарақатты ҚПЛ-дың 25-ші турындағы «Оқжетпеске» қарсы матчта алып қалды. Ол кездесуді негізгі құрамда бастағанымен, 26-шы минутта-ақ ауыстыруды сұрап, алаңнан кетті — Астановтың тобық сіңірлері зақымданғаны белгілі болды.

«Осылайша, «Ордабасының» көшбасшысы командасының қыркүйек айындағы қалған матчтарына қатыса алмайды», — деп қосты Аманбаев.

ҚПЛ-2026 маусымында Астанов «Ордабасы» сапында барлық турнирлерде 27 матч өткізіп, алаңда 1918 минут өнер көрсетті. Оның еншісінде 8 гол мен 10 нәтижелі пас бар. «Гол+пас» жүйесі бойынша ол ҚПЛ-2026 маусымындағы ең нәтижелі ойыншы болып қала береді және өзінен кейінгі ең жақын қуғыншы — 13 ұпайы бар «Астананың» 39 жастағы ардагері Марин Томасовтан алда келеді.